Қазақстандағы "Слава Украине" қорын құрған адам бұған дейін экстремизм үшін сотталған

0
489

Бұл туралы ол әртүрлі БАҚ-қа берген сұхбатында және АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға жазған хатында айтқан


Қазақстандағы

ERNUR.KZ. Қазақстанда жақында жабылған "Слава Украине" қорын экстремизм үшін екі жыл түрмеде отырған Тұрарбек Құсайынов құрған, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл туралы ол әртүрлі БАҚ-қа берген сұхбатында және АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға жазған хатында айтқан", - деп жазылған хабарламада.
2014 жылы ол "тайпалық және руаралық араздықты қоздырды" және "билікті құлатуға шақырды" деген айыптармен төрт жылға сотталған. Ол терроризм мен экстремизмді қаржыландырған тұлғалардың тізімінде бар. Екі жылдан кейін ол шартты түрде босатылды.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Слава Украине" қорын тарату туралы шешім қабылдады.
"Слава Украïні" жеке қорының 2023 жылғы 10 тамыздағы мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылсын", - деп жазылған сот қаулысында.
Құжат Қазақстан жоғарғы сотының сот аппаратында жарияланды.
Осылайша сот Атырау облысы әділет департаментінің талап арызын қанағаттандырды. Талаптың негіздемесінде қорды құру кезінде "түзетуге келмейтін заң бұзушылықтарға жол берілгені" айтылған.
Жарияланған құжаттарға сәйкес, қор 2023 жылдың 10 тамызында тіркелген, 1 қыркүйекте сот талапты қабылдау туралы шешім қабылдады.
Қор басшысы Тұрарбек Құсайынов Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроға оның жетекшілігіндегі ұйым жұмыс істеп тұрған кезде Украинаға 5 миллион теңге (шамамен 11 мың доллар) гуманитарлық көмек жинап, жөнелткенін айтты.