Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін екендігін айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді, деп жазады Tengrinews.kz.
Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті.
А.Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, бірінші раундтың соңына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.


