Қазақстандық фермерлерден астық сатып алуға Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлінеді

0
190

Бүгін астық сатып алу бағасы жарияланады.


Қазақстандық фермерлерден астық сатып алуға Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлінеді

Фото: akorda.kz

ERNUR.KZ. "Азық-түлік корпорациясы" арқылы Үкімет резервінен нарықта қолайлы бағаларды ұстап тұру үшін шаруалардан астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда, деп жазады zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2024 жылғы 18 қарашада Мәжілісте айтқандай, бүгін астық сатып алу бағасы жарияланады. Бірінші кезеңде шамамен 155 мың тонна сатып алынады.

"Ертең Үкімет отырысында қаралатын шығар, сатып алатын боламыз", – деді Айдарбек Сапаров.

Ол астық тасымалдау шығындарын субсидиялау ережелері қабылдау сатысында екенін айтты. Субсидияның бұл түрі астықты Қара теңіз, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

"Біздің астық Еуропа мен Африка, Кавказ және басқа да перспективалы нарықтарда бәсекеге қабілетті болады. Ережелер жақын арада қабылданады деп күтіп отырмыз. Министрліктердің барлығы дерлік келісті, тек бірнешесі ғана қалды. Осы аптада мәселелердің барлығын шешеміз деп ойлаймын", – деді министр.