Қазақстандық фильм Мәскеу кинофестивестивалінде гран-при жеңіп алды

0
949

Бұл - еліміздің беделі жоғары МХКФ конкурсы тарихында алған тұңғыш марапаты!


Қазақстандық фильм Мәскеу кинофестивестивалінде гран-при жеңіп алды

ERNUR.KZ. Режиссёр Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивестивалінде гран-при жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған.

«Режиссёр Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивестивалінде Гран-приге ие болды! Бұл - еліміздің беделі жоғары МХКФ конкурсы тарихында алған тұңғыш марапаты! Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен «Қазақфильм» студиясында түсурілген. Фильм сценариі Данияр Сүгіралиновтың «Кирпичи 2.0» негізінде жазылған. «Үздік фильм» номинациясындағы «Алтын Георгийді» Шәріповқа қазылар алқасы төрағасы атақты режиссёр Ким Ки Дук тапсырды. Фархатты және түсіру тобын құттықтаймын! Жарайсыңдар, жігіттер! Құтты болсын!»,-деп жазды министр.

Министрдің айуынша, әлеуметтік драма қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіп жүрген банк қызметкері Қанаттың өмірбаянын баяндайды. Оның еш арманы да, өмірден күтері де жоқ. Алайда бір күні Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне тап болады.