Қазақстандық ғалымдар жануарларға арналған ковидқа қарсы вакцина әзірлейді

0
1 076

Ғалымдар жануарлардың ауруға шалдығуы және тасымалдаушы болуы мүмкін екенін айтады.


Қазақстандық ғалымдар жануарларға арналған ковидқа қарсы вакцина әзірлейді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты жануарларға арналған COVID-19 вакцинасын әзірлеумен шұғылданбақшы, деп жазады zakon.kz.

Институт алдына жануарларға COVID-19-ға қарсы вакцина жасау міндеті қойылды. Біз жануарлардың ауруға шалдығуы және тасымалдаушы болуы мүмкін екенін білеміз. Олар адамдарға жұқпас үшін, мұндай вакцина қажет. Сондықтан институтқа осындай тапсырма берілді, - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Естеріңізге сала кетейік, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасын әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта вакцина клиникалық сынақтардан өтуде.

Бұған дейін қазақстандық вакцина Түркияда құтыға құйылатыны хабарланған болатын.