Қазақстандық каратэші қарсыласын ойсырата жеңіп, Азиаданың 11-медалін иеленді

0
105

Кездесу толық уақытқа созылып, 10:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.


Қазақстандық каратэші қарсыласын ойсырата жеңіп, Азиаданың 11-медалін иеленді

Фото: ҰОК/Арлан Олжабай

ERNUR.KZ. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында жеңіске жетіп, қола медаль иеленді, деп жазады tengrisport.kz.

Азиада медалі үшін өткен бәсекеде қазақстандық спортшы кумитэ бағдарламасы бойынша Филиппин өкілі Алвин Батиканмен жекпе-жекке шықты. Кездесу толық уақытқа созылып, 10:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында

Айта кетейік, Азия ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан құрамасы 11 жүлдеге ие болды: бес алтын, бір күміс және бес қола медаль.

Жеңістер каратешілердің, велошабандоздардың және ММА спортшыларының еншісінде; каратеден Әсел Қанай күміс жүлдегер атанса, ММА, триатлон және бессайыстан қола медальдар бұйырды.

Еске сала кетейік, XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр және 4 қазанға дейін жалғасады.