Қазақстандық мектептердің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізілмек

0
756

Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде "Ұлттық мектеп асханасы" пилоттық жобасын жүзеге асыруда.


Қазақстандық мектептердің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізілмек

ERNUR.KZ. Қазақстандық мектептердің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізілмек, деп жазады stan.kz.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі.

"Әрбір мектеп оқушылардың "салауатты өмір салтын ұстанатын мектебіне" айналуы тиіс. Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі", - деді Наталья Жұмаділдаева.

Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде "Ұлттық мектеп асханасы" пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жаңа үлгіде мектептегі тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен шаралар кешені қарастырылған.