​Қазақстандық шенеуніктер халықтың салығынан түскен қаржыға өздеріне зәулім сарай сатып алған

0
3 241

Жуырда ғана жаңажылдық банкеттен бас тартып, әлеуметтік желіні біраз шулатқан әкім зәулім үйден бас тартпаған сыңайлы.


​Қазақстандық шенеуніктер халықтың салығынан түскен қаржыға өздеріне зәулім сарай сатып алған

ERNUR.KZ. Еліміздегі шенеуніктер халықтан түскен салыққа өздеріне зәулім үй сатып алып жатқан сияқты.Мұндай мәліметті мемлекеттік қызмет істер агентті мен "Ақ жол" партиясы белсенділері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтаған, деп жазады 31.kz.

Халық баспанаға зәру боп, жалдамалы вагондарды жағалап жүргенде шенеуніктер олардан түскен салыққа зәулім сарайлар сатып алып жатқанға ұқсайды. Мемлекеттік қызмет істер агентті мен "Ақ жол" партиясы белсенділерінің жүргізген тексеру жұмыстары осындай мәліметтерді анықтапты. Ел қаржысын есепсіз жұмсаудан Атырау облысы көш бастап тұрған көрінеді. Аталмыш өңір әкім қараларға тұрғын үй сатып алуға қазынадан бір миллиардқа жуық қаржы жұмсаған.

Мысалы, Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет көлемі 400 шаршы метрге жуық алты бөлмелі екі қабатты коттеджде тұратын көрінеді. Кең сарай аудан ортылығы Құлсары қаласында орналасқан. Үйдің үлкендігі сонша, сыйымдылығы бойынша 1 адамға 60 шаршы метрден келеді. Жуырда ғана жаңажылдық банкеттен бас тартып, әлеуметтік желіні біраз шулатқан әкім зәулім үйден бас тартпаған сыңайлы.

Сондай-ақ, мемелекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері дәл осындай қымбат баспананың Көкшетай қаласында да сатып алынғанын анықтады.

Аумағы 145 шаршы метр болатын қаланың ортасындағы көпқабатты элиталы үй 40 миллион теңге тұрады. Қызметтік пәтер ретінде сатып алынған баспаны Ақмола облыстық полиция департаментінің балансына қойылыпты.