Қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салынды

0
651

ДСМ жаңа шектеулер енгізді.


Қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі енгізген жаңа шектеулерге сәйкес, қазақстандық спортшыларға ел аумағынан шығуға тыйым салынды, деп жазады kaz.nur.kz.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, шектеу шараларының енгізілу себебі – коронвирус инфекциясының қарқынды таралуы.


"Әлемдегі аурудың өсіміне байланысты шекарадағы бақылауды күшейту мақсатында спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін ел аумағынан шығуына тыйым салынды", – деді Алексей Цой Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен онлайн-кездесу барысында.


Бұдан бөлек, Германия, БАӘ, Украина және Беларусь елдеріне әуе рейстерінің саны қысқартылды.

Сондай-ақ екіжақты халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу шарасы енгізілмек.

Еске салсақ, 6 қазаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасында бақылау күшейтілді.