Өз идеяларын өмірде жүзеге асыру үшін студенттер Тұңғыш Президент Қорынан бір миллион теңге көлемінде грант ұтып алды.
Қазақстандық тапқыр өрендер қаржылай сауаттылықты арттыратын ойын түрін ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының Қоры мен Қор жанындағы ғылым бойынша Кеңес ұйымдастырған «Тірегі сендер елімнің» атты V студенттік фестиваль аясында «Жас толқын» республикалық олимпиадасы өтті.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар қалаларының жеті студенттік командалары екі күн бойы инновациялар саласында Тұңғыш Президент Қорының гранты үшін сайысқа түсті. «Жас толқын» олимпиадасы «Миллион тұратын идея» инновациялық жобалар қорғау, жалпы білім беру пәндері бойынша тестілеу, студенттік өмір туралы бейнероликтер көрсету және физикалық дайындық бойынша президенттік тесттер тапсыру сияқты конкурстардан тұрды.
Каспий Университетінің студенттері «Caspian`s Age» командасының идеясы ең инновациялық болып шықты. Олар жастардың қаржыық сауаттылығын арттыруға арналған «Age of Business» (Бизнес дәуірі) үстел ойынын құруды ұсынды.
Өз идеяларын өмірде жүзеге асыру үшін студенттер Тұңғыш Президент Қорынан бір миллион теңге көлемінде грант алды. Өз жобасын дамытудағы сәттіліктерімен студенттер әлеуметтік желі арқылы бөлісетін болады, сондай-ақ ойын дайын болғанда презентация өткізеді. Қор жанындағы ғылым бойынша Кеңестің мүшесі, бизнес-жаттықтырушы, «Атамекен» ҰКП қатысушы мүшесі Ғани Абадан жобаны іске асыруда көмектесуге ниет білдірді.
Еске сала кетейік, биылғы жылы бесінші студенттік «Тірегі сендер елімнің» фестивалі дәстүрлі екі күннің орнына алты күн бойы қаланың әр түрлі аулаларында өтті. Фестиваль бағдарламасында «Жеке құқықтық өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Маркетинг және логистикадағы цифрлық технологиялар» республикалық студенттік конференциясы, «Жас толқын» республикалық студенттік олимпиадасы және «SIRIUS CUP III» халықаралық дебат турнирі өткізілді.
Дереккөз: ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі