Қазақстандық жүргізуші жолдың жиі тазаланатынына шағымданды

0
523

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар жолды тазарту – барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін қажет шара екенін еске салды.


Қазақстандық жүргізуші жолдың жиі тазаланатынына шағымданды

ERNUR.KZ. Семей қаласының тұрғыны жол қызметкерлерінің жолды жиі тазалап, жүргізушілерге кедергі келтіретінін айтып шағымданды, деп жазады stan.kz.

Семейлік тұрғын Семей-Қалбатау бағытындағы жолдың тым жиі тазалануына шағымданды. Тұрғынның айтуынша, қаладан шыға берісте жанар-жағармай құю бекеті бар. Ал күнделікті тазалау жүргізушілерге кедергі келтіреді.

"Жол бөлігін тазарту қыс мезгілінде жолға қар түсуі мүмкін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Туындауы мүмкін қолайсыздықты түсінген "ҚазАвтоЖол" АҚ жұмыстарды қозғалыс аз кезде, мысалы түнде немесе таңғы уақытта атқарып жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар жолды тазарту – барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін қажет шара екенін еске салды.