Сонымен қатар, министр вакцинаның жарамдылық мерзімі мен қолдану жолдарын айтты.
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шоранов Марат Едігеұлы бір вакцина екі рет салынатынын айтты, деп жазады Stan.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында QazCovid-in-дің КВИ-ға қарсы белсенділігі жойылған вакцинасына клиникалық зерттеулердің III фазасын жүргізуге рұқсат берді. Вице-министр бірінші вакцина мен екінші вакцинаның арасы 23 күн болу керек екенін түсіндірді.
"Вакцинациядан қорғаныс әсері бірінші дозаны енгізгеннен кейін 12 күннен кейін біліне бастайды, бірақ толық қорғауды қамтамасыз ету үшін екі доза қажет, оларды 19 күннен 23 күнге дейінгі аралықпен енгізу ұсынылады. Вакцина организмнің иммундық реакциясын тудырады. Иммундық жүйе вирусты таниды және антиденелер пайда бола бастайды – аурумен күресу үшін пайда болатын ақуыздар, вирусты есте сақтап, егер вирус қайтадан денеге енсе, онда иммундық жүйе дереу әрекет етіп, оны жояды, оның көбеюіне және аурудың тудыруына жол бермейді.", - дейді Шоранов.
Сонымен қатар, министр вакцинаның жарамдылық мерзімі мен қолдану жолдарын айтты.
"Бір флаконда бес адамға арналған инекция болады. Вакцинаны сақтау мерзімі 2 сағатқа жарамды. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға болмайтын адамдар тобы анықталды", - дейді Шоранов.