Қазақстандықтар мүлік, жер және көлік салығын электронды қызметтер арқылы төлей алады

0
1 989

Қазақстан азаматтарының телефонына төлейтін салығы туралы SMS-хабарлама жіберіледі.


Қазақстандықтар мүлік, жер және көлік салығын электронды қызметтер арқылы  төлей алады

Қазақстандық салық төлеушілер (жеке тұлғалар) мүлік, жер және көлік құралдары бойынша алдағы салық төлемдері туралы SMS-хабарлама алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Атап айтсақ, SMS тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды 2018 жылғы салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылған. Енді, ҚР азаматтары ұялы телефондарына (смартфондар, батырмалық телефондар) төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады. Бұл ескертулерді алу үшін азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы мобильді базасында нөмірін тіркеу қажет және egov.kz электронды үкімет порталының «Қызметтер» бөліміндегі мобильді азаматтар деректер базасында тіркеуде бар-жоғыңызды тексере аласыз.


Аталған SMS-хабарламаның басты артықшылығы – жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламалардың жедел жеткізілуі және SMS-хабарламалардың тағы бір ұтымды тұсы – бұл аудитоияның ауқымдылығы, яғни барлық ұялы байланыс қызметін пайдаланушыларды қамти алады. Айта кету керек, қазіргі уақытта «Біріктірілген деректер базасы» АЖ-нің «Жергілікті салықтар» ішкі жүйесі сыналып жатыр.


Сондай-ақ, алдағы төлемдерді есептеу кезінде мәліметтер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын пайдалану комитетінің «Мемлекеттік жер кадастры» ақпараттық жүйесі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйесінің мемлекеттік дерекқоры пайдаланды.


Сонымен қатар, жеке тұлғалар салықты мынандай жолдармен:

● екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;

● банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталарды қолдана отырып;

● ҚР Қаржы министрлігінің МКК сайтындағы электронды қызметтерді пайдалану арқылы;

● электрондық шоттар (Каспи, Киви және т.б.) арқылы төлей алады.


Айта кетейік, салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша да (http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web) тексере алады. Ал, анықтама үшін жеке тұлғалар 1414 нөмері арқылы бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.