​Қазақстандықтар Nur Otan партиясына қандай арыз-шағымдармен барады

0
1 351

Нұр Отанға өтінішпен жүгінген адамдардың арыздарын сараптай келгенде негізнен үш мәселеге топтастыруға болады.


​Қазақстандықтар Nur Otan партиясына қандай арыз-шағымдармен барады

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау жұмысын жандандыру қажет. Онда «бірыңғай терезе» жүйесімен «осында, қазір» қағидасымен азаматтарға көмек көрсетілуі тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының XVIII сьезінде осындай міндет жүктеді, деп жазады 24.kz.

Жалпы қоғамдық қабылдаулардың қазіргі пәрмені қаншалықты? Негізінен тұрғындар Nur Otan партиясына қандай арыз-шағымдармен келеді? Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің алды қашанда халыққа толы. Айтар арыз-шағымдарының мазмұны да әрқилы. Мысалы зейнеткер Надежда Третьяк автобус аялдамасы тым алшақ орналасқандығын айтып, бүкіл көше тұрғындарының өтінішін жеткізіпті.

Надежда Третьяк, қала тұрғыны:

- Аялдамалар арасы тым қашық болатын. Балаларға, үлкен кісілерге қиын. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына талай рет хабарластық, бірақ еш нәтиже болған жоқ. Сосын Nur Otan партиясының қабылдауында болып, өтінішімізді айтып едік, қысқа мерзімде бұл мәселе өз шешімін тапты. Әрине, бәрінің бірдей өтінші қолдау тапты деуге келмес. Бірақ келгендерге мейлінше көмектесуге тырысатындарына мына деректер дәлел - Nur Otan партиясының облыстық филиалына былтыр 7 мың адам өтініш айтып барған, солардың жартысына жуығының арыз-шағымы қанағаттандырылған.

Серікбай Шаймағанбетов, Nur Otan партиясының ҚОФ қызметкері:

- Өтінішпен жүгінген адамдардың арыздарын сараптай келгенде негізнен үш мәселеге топтастыруға болады. Бірінші мәселе, ең көбі бұл 35% жуығы әлеуметтік көмек, әлеуметтік мәселеге байланысты. 20% жуығы жұмыспен қамту мәселесі. Ал үшінші мәселе тұрғын үй, коммуналдық шаруашылыққа байланысты. Көбінесе жұрт басқа жерден қайыр болмағандықтан, көмек сұрап, осы қоғамдық қабылдауға келеді. Жеті баланың анасы өскемендік Гүлжан Әбдірахманованың да ендігі бар үміті Nur Otan партиясында. Көп балалы отбасы он шақты жылдан бері қала сыртындағы саяжайды паналап келеді. Қыс түссе көмір тасып, пеш жағудан қолы босамайды. Қала әкімдігінің өкілдері енді алтын алқа иегерінің тұрғын үй жағдайын шешуге уәде етті.

Гүлжан Әбдірахманова, көп балалы ана:

- Енді үй мәселесі жайында көмек болады деп жатыр. Іздесітіріп жатырмыз дейді. Енді әлеуметтік көмек беріп жатыр. Екі қызымды балабақшаға тегін орналастырды. Өзімді жұмыспен қамтамасыз етті. Сол жұмысты істеп жүрмін.

Облыстық мемлекеттік орган басшыларымен жүздесу қазір ауылдықтар үшін де мұң емес. Жер-жерде көшпелі қоғамдық қабылдаулар жүргізіле бастады. Әр қабылдауға шамамен екі жүзге дейін адам келеді екен.