Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті жаппай рәсімдеп жатыр

0
127

Паспорт пен жеке куәлікті дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күніне дейін.


Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті жаппай рәсімдеп жатыр

фото:gov.kz

ERNUR.KZ. 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 1,5 миллионнан астам паспорт пен жеке куәлік берілген. Тек маусым айының өзінде құжаттарын 269 мыңнан астам адам алған, деп жазады ulysmedia.kz.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» мәліметінше, паспортты кез келген ХҚКО-да рәсімдеуге болады. Бұл ретте тіркелген мекенжайдың маңызы жоқ.

36 беттік паспорттың құны – 34 600 теңге, 48 беттік паспорт – 51 900 теңге. Ал балаға арналған паспорт үшін 17 300 теңге төлеу қажет.

Жеке куәлік – 16 жастан бастап

Қазақстандықтар алғашқы жеке куәлігін 16 жасқа толған кезде алады. Құжатты алғаш рәсімдеу, сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін.

Жеке куәлік жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды.

Құжаттарды қанша уақытта алуға болады

Паспорт пен жеке куәлікті дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күніне дейін. Қажет болған жағдайда жедел рәсімдеу қызметін пайдаланып, құжаттарды қысқа мерзімде алуға болады.

Бұған дейін Қазақстан Global Passport Index (GPI) паспорттар рейтингінде 62-орынға ие болғаны хабарланған еді. Бұл рейтингте паспорттың мобильділігі, инвестициялық тартымдылығы және өмір сүру сапасы ескеріледі.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстан паспорты әлемнің 78 еліне визасыз кіруге немесе барған кезде виза алуға мүмкіндік береді.