Қазақстандықтарға Кариб теңізі жағалауын үш ай еркін аралау мүмкіндігі туды

0
204

Отандастарымыз Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Сент-Китс пен Невисті 90 күн визасыз еркін аралап, жүре алады.


Қазақстандықтарға Кариб теңізі жағалауын үш ай еркін аралау мүмкіндігі туды

Фото: norma.uz

ERNUR.KZ. Екі елдің дипломаттары өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusniss.kz.

Келісім қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталған соң үш айдан кейін күшіне енеді. Сент-Китс және Невис Қазақстан Республикасымен визасыз режим орнатқан қырқыншы мемлекет болып отыр.

Сент-Китс және Невис федерациясы оффшорлық аймақтардың тізіміне кіретін 50 елмен бір сапта. Яғни, бұл мемлекеттер компаниялар мен жеке тұлғалар үшін едәуір салық жеңілдіктері бар немесе қаржылық ережелері жұмсартылған бизнесті жүргізе алатын аумақтар қатарына кіреді.

Кез келген адам Сент-Китс пен Невис қорына 150 мың доллар көлемінде тегін жарна немесе 200 мың доллардан бастап жылжымайтын мүлікке инвестиция сала отырып, федерация азаматтығын ала алады.

Сент-Китс және Невис Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Ол кіші Антиль аралдарына жататын Сен-Китс және Невис аралдарынан тұрады.