Қазақстанға өткен жылы 23 мың адам көшіп келді

0
623

Бұдан басқа, 15 мың адамның шетел асқаны белгілі болды.


Қазақстанға өткен жылы 23 мың адам көшіп келді

ERNUR.KZ. Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев елдегі қазіргі көші-қон жағдайы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалды. 2023 жылғы 1 желтоқсанда көші-қон сальдосы +8,3 мың адамды құрады. Елге 23 мың адам келіп, 15 мың адам елден шықты. Көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытайға тиесілі", – деді спикер.

Оның айтуынша, білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады.

Көші-қон комитетінің төрағасы былтыр ел ішінде қоныс аударушылардың саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 26%-ға өскенін айтты.

"2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ішкі көші-қонға 733 мың адам, оның ішінде 338 мыңы облысаралық қоныс аударуға қатысты. Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді. Мәселен, Астанаға – 74 мыңнан астам адам, Алматыға – 67 мың адам, Шымкентке 30 мың адам тұрақты тұруға келді", – деп қосты Асқарбек Ертаев.

Айта кету керек, осыған дейін "Ата жолы" картасын 44 этникалық қазаққа берілгенін жазған болатынбыз.