Қазақстанға Ресейден төрт жолбарыс жеткізіледі

0
1 000

​Амур жолбарысы – Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген ғаламшардағы ең сирек кездесетін жыртқыштардың бірі


Қазақстанға Ресейден төрт жолбарыс жеткізіледі

ERNUR.KZ. Ресейлік мамандар Қазақстанда Амур жолбарысы популяциясын қалпына келтіру жобасы аясында бірінші кезеңде Ресейден төрт жыртқышты жабайы табиғатқа жіберуді жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Амур жолбарыстары" орталығының бас директоры Сергей Арамилевтің айтуынша, бұл үшін оңалту орталығында өскен аландар алынады.
"Әзірше оңалту орталықтарына түсетін жолбарыстар жеткілікті болады деп есептейміз. Егер статистика мұндай болмаса, жолбарыстарды жабайы табиғатта ұстауға тура келеді", - деді Арамилев.
Ол Амур жолбарысының Қазақстанда бейімделуіне мүмкіндік бар екенін айтты. Қазіргі уақытта осы жыртқыштар тобы қалпына келтіріліп жатқан Амур облысында бұл түр ХХ ғасырдың басынан бері тіршілік етпеген.
"Түрлі жынысты төрт жолбарысты жіберген жөн. Жануарлардың мінез-құлқы әртүрлі болады. Егер біз еркек пен ұрғашы жұпты бостандыққа жіберсек, ал ұрғашы жолбарыс "саяхаттап", Иранға, Ираннан Түркияға аттанса, онда ол жұп бейімделе алмады деген тұжырым жасалады да, біз жобаны аяқтаймыз. Бұл жануарлардың жеке ерекшелігі болуы мүмкін. Ал екінші, үшінші, төртінші, бесінші - босатылған ұрғашы жолбарыстар ешқайда кетпейді, олар сол жерде қалады. Сондықтан төрт жыртқышты жіберу оңтайлы болады. Бірақ мұның бәрі сол сәтте сол аймақта болатын жолбарыстарға байланысты болады", - деді Арамилев.
Еске салсақ, Қазақстан мен Ресей республика аумағына жолбарысты реинтродукциялау туралы келісімге қол қойды. Жыртқыштардың бір бөлігі Приморье аумағынан жеткізілуі мүмкін. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан ресейлік тәжірибенің көмегімен 2025 жылы жолбарыстарды Орталық Азияға қайтара алатынын айтты.