7 тамызда алтын грамының бағасы 58 011,44 теңге болды.
Фото: egemen.kz
ERNUR.KZ. 31 шілде күні бір грамм алтын 58 524,25 теңгеге тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz.
Таяуда World Gold Council ұйымы, яғни Дүниежүзілік алтын кеңесі кейінгі айда Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға артқанын мәлімдеді. Осылайша ел резервіндегі алтынның жалпы көлемі 298 тоннадан асқан.
Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есептемегенде Қазақстан алтын қоры бойынша 18-орында тұр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, өндірістің бар көлемін ескергенде, Қазақстандағы алтын қоры 30 жылға жетеді.