Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі 41,3%-ға төмендеді

0
355

"Қазақстанның Автокөлік Одағы" 2024 жылдың жеті айының қорытындысын жариялады.


Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі 41,3%-ға төмендеді

ERNUR.KZ. Қазақстан автомобиль өнеркәсібі көлемі былтырғы шілдемен салыстырғанда 41,3%-ға төмендеді, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша шілдеде Қазақстанда жалпы сомасы 100,8 млрд теңгені құрайтын 7 779 бірлік техника жасалды.
"Өндіріс көлемі былтырғы шілдемен салыстырғанда 41,3% азайған. Жалпы жеті айда Қазақстан зауыттары құны 915,3 млрд теңге болатын 70 215 бірлік техника шығарды. Бұл 2023 жылдың қаңтар-шілдесіндегі (86 413 бірлік) нәтижеден 18,7% төмен", - деп жазылған хабарламада.
Бұл салада бұрынғыдай жеңіл автомобильдер үлесі басым – 63 370 бірлік (-19,3%). 4 571 бірлік (-15%), жүк көлігі, 1 310 автобус (-11,1%) конвейерге тұрды. Одан бөлек, кәсіпорындар 704 бірлік тіркеме және жартылай тіркеме, 260 бірлік басқа техника құрастырды.
"2024 жылы көлік құралдарын өндірушілерге арналған жаңа ережелер күшіне енді. Өндірушілердің көлік құралының әр санаты үшін шағын торапты әдіспен өндіріс көлемін арттыруға міндеттемелері бар. Бұл нормалар технологиялық біліктілікті арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар инвестицияға, адам капиталына және компонент базасының дамуына оң ықпал етеді", - дейді "Қазақстанның Автокөлік Одағы" президенті Анар Мақашева.
2024 жылдың жеті айында Қостанайда (Allur) 42 802 бірлік техника (-17,9%) жасалған. Алматыдағы (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) мамандар 21 827 жеңіл және коммерциялық автомобиль құрастырды (-25,4%). Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 136 машина жөнелтсе, (+33,7%), Қарағанды облысындағы QazTehna 762 бірлік техника өндірді (+25,3%).
Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 524 бірлік коммерциялық техника тапсырды (-23,2%). Басқалары 1 134 бірлік машина шығарған (-17,3%).
Қаңтар мен шілде аралығында елдегі зауыттар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда):
Hyundai (21 628 бірл.),
Chevrolet (14 194 бірл.),
Kia (14 141 бірл.),
Jac (7 668 бірл.),
Jetour (5 682 бірл.).
Модельдер қатарында Hyundai Tucson (12 172 бірл.), Chevrolet Cobalt (11 826 бірл.), Kia Sportage (6 185 бірл.), Hyundai Elantra (3 335 бірл.) және Jetour X70 (3 206 бірл.) басым.