15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін қолданылады.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Гиниятқа ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Алдымен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрігерге қаралды. Ал вакцинация алғаннан кейін олар 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды.
Ресейде өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізіліп, барлық аймақтарға таратылды.
Вакцинаны тек ересек Қазақстан азаматтары ғана ала алады және вакцинацияның бірінші кезеңінде дәріні ірі жұқпалы аурулар ауруханалары мен ковидтік орталықтардың дәрігерлері салдырады.
Отандық вакцина қай кезде бастап салынады
Ал 15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін қолданылады.
Жалпы ақпан айында жүз мыңға жуық қазақстандық дәрігер вакцина салдырады деп жоспарланған.
Сәуір айынан бастап отандық вакцинамен QazCovid-in вакцинасын ай сайын 75 мыңнан 500 мың дозаға дейін көбейту көзделуде.
COVID-19 қарсы екпе жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін жалғасып, 6 миллион адам вакцинацияланады.