Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

0
628

Ауа температурасы 43 градусқа дейін жоғарылайды.


Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

"Казгидромет" орталығы мамандары 2-5 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ыситынын болжады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Иран аудандарынан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Бұл өңірлерде әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады.

Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді.

Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы 23-33°С аралығында болады.