Қазақстанның бірінші энергетика министрі Қадыр Бәйкенов қайтыс болды

0
708

10 қазанда Қадыр Бәйкенов 78 жасқа толуы тиіс еді.


Қазақстанның бірінші энергетика министрі Қадыр Бәйкенов қайтыс болды

ERNUR.KZ. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Байкенов өмірден озды, деп жазады zakon.kz.

10 қазанда Қадыр Бәйкенов 78 жасқа толуы тиіс еді.

1967-1985 жылдары - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы, цех бастығы, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженердің орынбасары, партия комитетінің хатшысы, ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары.

  • 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.
  • 1987-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1989-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы.
  • 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
  • 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрі.
  • 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы.
  • 1998-1999 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ ұлттық компаниясының президенті.
  • 1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін - «Инвестконсалтинг» компаниясы» ЖШС президенті.