​Қазақстанның бірнеше аймағында күзде сандық телеарна пайда болады

0
1 783

Министр ел үшін бұл «маңызды қадам» екенін атап өтті.


​Қазақстанның бірнеше аймағында күзде сандық телеарна пайда болады

ERNUR.KZ.ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанның қай өңірінде осы жылдың күзінде цифрлық теледидар және радиохабар тарату басталатынын айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы жылы үш өңірде, сандық хабар тарату пилоттық режимде іске асады. Олар Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Маңғыстау облысында - қазаннан бастап, қалғандары – желтоқсаннан бастап, яғни біз цифрлық телехабар таратуды пилоттық режимде бастаймыз », - деп атап көрсетті ол.

Ведомства басшысы атап өткендей, 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасында барлық радио және телеарна станцияларының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Бұл бізге 2021 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық телерадио хабарларын таратуға толық мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Д.Абаев.

Министр ел үшін бұл «маңызды қадам» екенін атап өтті.

«Біздің еліміз өте үлкен, ал халық саны аз, бүкіл елімізді қамту өте ұзақ уақытқа созылып жатыр, бұл жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізілуде, біз оны үнемі бақылауда ұстаймыз», - деп сендірді ол.