​ШЫМКЕНТ: Қандастарды қоныстандыру бойынша кеңес берілді

0
98

Сонымен қатар жаңа өңірге бейімделу, әлеуметтік ортаға интеграциялану және жұмыспен қамту мүмкіндіктері жөнінде кеңестер ұсынылды.


​ШЫМКЕНТ: Қандастарды қоныстандыру бойынша кеңес берілді

Шымкент қаласы Еңбек мобильдігі орталығының Әл-Фараби аудандық Мансап орталығында қандас мәртебесін алған азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қандастарды қабылдау өңірлеріне қоныстандыру тәртібін түсіндіру және ерікті түрде қоныс аудару бойынша кешенді сүйемелдеу көрсету.

Кездесу барысында қатысушыларға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, көрсетілетін материалдық көмектің түрлері мен қоныс аудару шарттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар жаңа өңірге бейімделу, әлеуметтік ортаға интеграциялану және жұмыспен қамту мүмкіндіктері жөнінде кеңестер ұсынылды.
Қала тұрғындары мен қандастарға қосымша ақпарат алу және өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес алу үшін тиісті Мансап орталықтарына жүгіну ұсынылады.
Бөлісу