Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ға қатысты ұстанымы қандай

0
575

​Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр, деді сыртқы істер министрі.


Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ға қатысты ұстанымы қандай

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елдің Донецк және Луганск халық республикаларына қатысты позициясы қандай екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Өздеріңіз білесіздер, қазір жағдай шиеленісіп бара жатыр. Кеше Ресей президенті Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешім қабылдады. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр", - деп жауап берді Тілеуберді үкімет кулуарында.

Журналистер "Қазақстан екі республиканың тәуелсіздігін мойындай ма?" деп сұрады.

"Ондай мәселе тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздері мен БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз", - деді министр.
"Бейтараптықты сақтайсыздар ғой?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.
"Әрине", - деді Тілеуберді.
Тілеуберді таяу сағаттарда Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін мәлімдеді. Жиында Қазақстанның ресми позициясы белгілі болады.
Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады.