Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

0
683

Төтенше жағдай туындағанда Қазақстан азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.


Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Қазақстан азаматтарына арнап мәлімдеме жасады, деп жазады Stan.kz.

Елшілік Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алған қауіпсіздік жағдайларына байланысты бұл аймақтарға бармауға кеңес берді.

"Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады", – делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдай туындағанда Қазақстан азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.

Еске салайық, “Вагнер” жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерилерге соққы жасағанын мәлімдеген еді. Кейін Пригожин Ресейде “әділдік маршын” өткізетінін хабарлады.

“Вагнер” жетекшісінің мәлімдемесінен кейін Ресей билігі әскери төңкеріс дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал БАҚ беттерінде “Вагнер” әскерінің Ростов аймағында байқалғанын жазды.

Көп ұзамай Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды. Қала мэрі Сергей Собянин жолдарда қосымша бақылау енгізіліп, жаппай іс-шараларға шектеу енгізілетінін хабарлады.