"Қазақтелеком" "Кселлдегі" үлесін сатады

0
646

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында "Қазақтелеком" "Кселл" АҚ акцияларының 75 пайызын сатып алды.


ERNUR.KZ. "Қазақтелеком" директорлар кеңесі "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сатуды ұйғарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында көрсетілген, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасы (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап күшіне енді", - делінген сайтта.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында "Қазақтелеком" "Кселл" АҚ акцияларының 75 пайызын сатып алды, олар сол кезде Telia Company және Fintur Holdings B. V. компаниясына тиесілі болған еді.