Олардың бәрі - турист.
Фото: Prabin RANABHAT / AFP via Getty Images
ERNUR.KZ. Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында із-түзсіз жоғалған үш азаматшаны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, хабар-ошарсыз кеткендердің барлығы - Қазақстаннан барған туристер. Әзірге олардың тағдырына қатысты ақпарат жоқ.
«Қазіргі таңда Қытай мен Непал шекарасында хабар-ошарсыз үш азаматшамыз іздестіріліп жатыр. Өкінішке қарай, әзірге оларға қатысты ешқандай жаңалық жоқ. Біздің дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмысын жалғастырып жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары да тоқтаған жоқ. Сондай-ақ олардың отбасыларымен тұрақты байланыс орнаттық», – деді Жанболат Үсенов.
СІМ мәліметінше, Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері Непал мен Қытайдың құзырлы органдарымен тұрақты байланыста. Министрлік іздеу жұмыстарының барысын бақылауда ұстап, жоғалған азаматтардың туыстарына қажетті консулдық қолдау көрсетіп отыр.


