Қажылық сапардан келіп, бұрынғы жағымсыз әркеттеріне бой алдыратындар бар.
ERNUR.KZ. Қажы атану оңай, қажы болып өмір сүру – үлкен жауапкершілік. Бірақ өкінішке орай, кейбір жерлестеріміз осыны жете түсінбейді, деп жазады «Хабар 24».
Әсіресе қажылық сапардан келіп, бұрынғы жағымсыз әркеттеріне бой алдыратындар бар. Осыған байланысты Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы қажыларды оқытатын арнайы курстар ашқан. Яғни жерлестеріміз сапарға аттанбай тұрып та, одан оралған соң да сауатын тегін негізде жетілдіре алады. Жалпы биыл қажы атану құрметі 3 мың 200 жерлесімізге бұйырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 адамға артық. Олармен бірге 12 адамнан тұратын қажылық миссиясы атанып, жерлестерімізге жан-жақты қолдау көрсетті.
- Ол миссияның негізгі жұмысы ұйымдастырушылықтан бастап, дәрігерлік көмек, қажылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің қажыларымызға елде болып жатқан діни ахуалды білетін мамандар кеңес айтып отырады, - дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Исмахан.
Айта кету керек, осы сапар барысында 1800 адамға медициналық көмек қажет болған. Өйткені Сауд Арабиясындағы температура өте жоғары және биыл ауа райы жиі құбылды. Соған қарамастан қажылық сапары ойдағыдай өтті дейді басқарма мамандары. Осы бағытта отандық 18 туристік компания жұмыс жасаған.