Kcell ұялы байланыс қызметінің үзілуі жайлы түсінік берді

0
978

Нөмірді қайта тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.


Kcell ұялы байланыс қызметінің үзілуі жайлы түсінік берді

ERNUR.KZ. Kcell баспасөз қызметінің басшысы Олжас Бибанов телефондардың өшуі – 9 ай бойы абоненттерге ескертілген жағдай екенін жеткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түнде реттеуші IMEI-код дерекқорларында сынақ жұмыстарын жүргізді. Бұрыс тіркелген нөмірлердің барлығы осындай қиындыққа душар болып отыр. Яғни ЖСН, телефон нөміріне немесе IMEI-коды сәйкес келмейтін нөмірлер өшті. Бұл негізінен жуырда ғана жаңа SIM-карталар салынған телефондарға қатысты», - деді Олжас Бибанов.

Ол нөмірді қайта тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының бөлімшесіне барудың қажеті жоқ екенін айтады.

«ЖСН нөміріңізді 6006 нөміріне SMS арқылы жіберудің өзі жеткілікті. Бұл, әрине, Kcell абоненттеріне қатысты», - деді Олжас Бибанов.

Оның айтуынша, ұялы телефон байланысының жоғалуы мәселесі бірнеше сағаттың ішінде ретке келтіріледі.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталған болатын. Бұл мобильді телефондардың ұрлануына, алаяқтыққа қарсы күрес мақсатында істеліп отыр.