Келесі аптада ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында қозғалыс басталады – Жеңіс Қасымбек

0
106

​Әкімнің айтуынша, тест режим 3-6 ай аралығында өтеді.


Келесі аптада ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында қозғалыс басталады – Жеңіс Қасымбек

Фото: City Transportation Systems

ERNUR.KZ. Бір аптадан кейін Астанадағы ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында қозғалыс басталады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Біз келесі аптада, яғни, бір аптадан кейін тест режимінде бір-екі станцияның арасында пойыздардың қозғалысын бастаймыз. Жалпы тест режимі 3 айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз келеді. Желтоқсанға дейін толғымен 18 құрам келеді», - деп мәлім етті Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің жоспары ойдағыдай болса, ЛРТ келесі жылдың бірінші тоқсаны біткенше толық іске қосылады.