UFC-дің жеңіл салмақтағы экс-чемпионы, танымал спортшы Хабиб Нурмагомедов стюардессамен жанжалдасып, АҚШ-қа ұшатын рейстен шығарылды.
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
ERNUR.KZ. Спортшы ұшақта басқа орынға ауысу туралы өтінішке көнбеген, деп жазады inform.kz.
UFC-дің жеңіл салмақтағы экс-чемпионы, танымал спортшы Хабиб Нурмагомедов стюардессамен жанжалдасып, АҚШ-қа ұшатын рейстен шығарылды.
Essentially Sports порталының хабарлауынша, оқиға ұшақ бортында болған. Бұл оқиға жазылған видеода нақты күні көрсетілмеген. Нурмагомедов борттағы авариялық есіктің жанындағы орынға жайғасқан. Ұшақта стюардесса аталған орында отырған танымал спортшыға «апат болған жағдайда жолаушыларға көмектесе аласыз ба?» деп сұраған көрінеді.
Осыдан кейін дау-дамай болып, басқа орынға ауысу туралы өтінішінен бас тартқан. Өз кезегінде стюардесса супервайзерді шақыртып, Нурмагомедов пен оның командасына ұшақтан түсу жөніндегі талап қойылған.
Еске сала кетейік, былтыр жазда Ресей Федералдық салық қызметі Хабиб Нурмагомедовтың қарыздарын төлеу талаптарын орындамағаны үшін банк шоттарына тыйым салды.