Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқанның алғашқы күнінде жарты миллионнан астам қазақстандық қатысты

0
170

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында атап өткендей, балаларға қамқорлық көрсету – бұл ортақ жауапкершілік әрі мемлекеттік саясаттың басты басымдығы.


Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқанның алғашқы күнінде жарты миллионнан астам қазақстандық қатысты

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтуде, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында атап өткендей, балаларға қамқорлық көрсету – бұл ортақ жауапкершілік әрі мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Осыған орай бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.

Мерекеге дейінгі іс-шаралар легі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» ұранымен ұйымдастырған науқаннан басталды. Бұл іс-шараның тақырыбы бала өміріндегі отбасының рөлін айқындау болды.

Еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, театрлық және концерттік бағдарламалар, спорттық және шығармашылық байқаулар, музейлер мен кітапханалардағы тақырыптық көрмелер өтті.

Сондай-ақ науқан аясында барлық аймақта Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері өтті. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту іс-шараларына қатысты.

«Қазақстан балалары» ұлттық науқанына алғашқы күні еліміз бойынша жарты миллионнан астам қазақстандық қатысты.