Қоғам резонансынан кейін полиция Ақнәр ісі жөнінде мәлімдеме жасады

0
96

Ақнар Гүлстанның анасы Қамит Гүлстан тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдағаннан кейін полиция бұл іс бойынша алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.


Қоғам резонансынан кейін полиция Ақнәр ісі жөнінде мәлімдеме жасады

фото: ulysmedia.kz.

ERNUR.KZ. 2024 жылы 20 шілдеде көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған Ақнар Гүлстанның өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті алғаш рет ресми мәлімдеме таратты, деп жазады ulysmedia.kz.

Ақнар Гүлстанның анасы Қамит Гүлстан тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдағаннан кейін полиция бұл іс бойынша алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға болғанына 10 ай өтсе де, тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер куәлардан жауап алып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларын қарап, материалдарды жинап, сараптап жатыр.

Істі жүргізу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Қайтыс болған бойжеткеннің жақындарының қайғысына ортақпыз. Қажетті тергеу әрекеттері толық аяқталып, барлық сараптама нәтижесі қолымызға тигеннен кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады, – делінген Алматы қалалық полициясының ресми түсініктемесінде.

Күні кеше Алматы жұмбақ жағдайда қайтыс болған КИМЭП университетінің түлегі, жас кәсіпкер, марқұм Ақнәр Гүлстанның анасы Гүлстан Қамит президентке үндеу жасап, көмек сұраған еді.

АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнәрдың өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып жібергеніне сенімді. Бұған дейін Ақнәр Гүлстанның туыстары оның өліміне байланысты әділдікке жете алмай жүргенін айтып, БАҚ өкілдерін жинап, маңызды сұрақтарға жауап берген болатын.