Көк-Жайлауда джиппен жүрген полицейлердің видеосы: Алматы ПД мән-жайды түсіндірді

0
791

Фото және видеолар карантин және санитарлық нормаларды сақтауы үшін рейдте жүрген кезінде түсірілген.


Көк-Жайлауда джиппен жүрген полицейлердің видеосы: Алматы ПД мән-жайды түсіндірді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Көк-Жайлауға джиппен келген полицейлердің фото-видеолары тарап жатыр, тұрғындар тәртіп сақшыларын ереже бұзды деп айыптады, алайда Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді, деп жазады Tengrinews.kz.


Ведомствоның баспасөз қызметі куәгерлердің фото және видеолары Бостандық аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері ТЖД және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірлесіп таулы жерлерде демалушылардың табиғатты қорғау, карантин және санитарлық нормаларды сақтауы үшін рейдте жүрген кезінде түсірілгенін түсіндірді.


"30 мамырда сағат 11:00-де біз табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірге Көк-Жайлау аумағында келушілермен профилактикалық жұмыс жүргіздік. Патруль көлігі жоғары көтеріле алмағандықтан, менің жеке Toyota Land Cruiser көлігіммен шығуға тура келді, ал патрульдік көлікті экобекетте қалдырдық. Іле-Алатау МҰТП аумағында тәртіп орнатуға, тазалық, от жағу, заңсыз аң аулау сынды тәртіп бұзушылықтарды анықтауға ықпал етіп жүрген полицияға рақмет", - деді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Алексей Поценко.



Сондай-ақ, полицейдің айтуынша, таулы жерлерде жалпы қалалық жаттығу 29 мамырда басталған, ол бірнеше кезеңмен өтеді.