Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты

0
116

Оның жанындағы жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.


Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Жақында Көкшетауда автожуу орнында болған қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы жұмысшы қаза тауып, оның кәмелетке толмаған әріптесі жансақтау бөліміне түсті, деп жазады zakon.kz.

Оқиға автожуу орындарының бірінің аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар металл конструкцияны бөлшектеу кезінде абайсызда электр беру желісіне тиіп кеткен.

Күшті электр тогының соққысынан 18 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған, ал оның жанындағы жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.


Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жасөспірімнің өміріне қазіргі уақытта қауіп жоқ екенін хабарлады. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып, толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.