Түркістан облысында ауладағы әжетханаға құлаған екі жасар бала көз жұмды

0
283


Түркістан облысында ауладағы әжетханаға құлаған екі жасар бала көз жұмды

pixabay

ERNUR.KZ. Түркістан облысының Түлкібас ауданында қайғылы жағдай болды. Екі жасар бала ауладағы әжетханаға құлап, көз жұмды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқиға 22 шілдеде болған. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сәби ересектердің қарауынсыз қалып, тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын әжетхана шұңқырына түсіп кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының өкілдері жеткен. Мамандар баланы шұңқырдан алып шыққанымен, оның аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.