Көкшетауда курсантты ұрған азаматтық қорғау академиясының қызметкеріне сот үкімі шықты

0
524

Көкшетауда курсантты басынан темірмен ұрған ҚР ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.


Көкшетауда курсантты ұрған азаматтық қорғау академиясының қызметкеріне сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Ер адам «Азаматтық қорғау аға лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды және сынақ мерзімімен шартты түрде бес жылға сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс келісу өндірісінде қаралды.

«Сот анықтағандай, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 1-курс бөлімшесінің оқу-саптық взводының командирі К. академия жатақханасының ғимаратында, курсанттардың жеке бос уақытында жарғылық тәртіпті бұза отырып, тәртіп пен ішкі тәртіп жағдайы туралы әңгіме жүргізу ниетімен курсанттарды шақырған. Әңгіме барысында кәмелетке толмаған курсант Н. басынан металл құбырмен ұрып, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Іс жүргізу келісімімен К. өкілеттігін асырып, кәмелетке толмаған Н. денесіне зиян келтіргенін, яғни өзінің кінәсін мойындады», - деп атап өтті ведомстводан.

Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды және сотталушының өкінуі, белсенді түрде қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға ықпал етуі, сотталмағандығы тәрізді бірқатар мән-жайларды ескерді.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының үкімімен К. 1-тармақта көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі (билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) және оған шартты түрде, сынақ мерзімімен бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ер адам «Азаматтық қорғаудың аға лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

«Пробациялық бақылау орнатылып, орындау міндеттері жүктелді: тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын өзгертпеу, уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетпеу. Сотталған К.-дан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 58340 теңге және жүргізілген сараптамалар үшін сот шығындары өндіріп алынды», - деп толықтырды ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.