Көкшетауда мас ер адам көлікті ішінде ұйықтап жатқан иесімен қоса ұрлап кеткен

0
123

Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны дәмханадан шыққаннан кейін мас күйде бөтеннің Changan CS75 Plus автокөлігінің рөліне отырған.


Көкшетауда мас ер адам көлікті ішінде ұйықтап жатқан иесімен қоса ұрлап кеткен

Фото: Видео кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Көкшетауда көлік ұрлау әрекеті назарға түсті. Мас ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан бөтен көлікті айдап кеткен, деп жазады stan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны дәмханадан шыққаннан кейін мас күйде бөтеннің Changan CS75 Plus автокөлігінің рөліне отырған. Осы сәтте көліктің иесі алдыңғы жолаушылар орнында ұйықтап жатқан.

Күдікті көлікті небәрі 10 метр шамасында жүргізіп үлгерген. Осы кезде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны тоқтатқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның әрекеті "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену (көлік айдап кету)" бабы бойынша сараланып отыр.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.