​Көкшетаудың Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталатын болды

0
1 189

Сессияның қарауына «Ақмола облысының Көкшетау қаласында көшелері қайта атау туралы» мәселе енгізілген болатын.


​Көкшетаудың Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталатын болды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласындағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды,деп жазады ҚазАқпарат .

Ал, кеше наурыздың 20-да Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Көкшетау қаласындаАқмола облыстық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы өтті. Сессияның қарауына «Ақмола облысының Көкшетау қаласында көшелері қайта атау туралы» мәселе енгізілген болатын.

««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысының Көкшетау қаласында Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», деп көрсетілген Ақмола облыстық мәслихатының хабарламасында.