Колледж тәрбиеленушісін ұрған офицер жазаланды (ВИДЕО)

0
121

​Оқу орнының қызметкеріне қатысты сөзіс жарияланды.


Колледж тәрбиеленушісін ұрған офицер жазаланды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әскери форма киген адамның жасөспірімге қол жұмсаған сәті түсірілген бейнежазба тарады. Видеоның Семейде орналасқан. «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатында болғаны анықталды. Оқу орнының әлімжеттік көрсеткен қызметкері жазаланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Келеңсіз жағдайға байланысты Абай облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша тәрбиешіге қатысты сөзіс жарияланды. Сондай-ақ бейнежазбаның 2022 жылы қараша айында түсірілгені анықталды.

«Қызметтік тергеу жүргізілді. Оқиға екі жыл бұрын болған. Ол кезде лицей тәрбиеленушісі сегізінші сыныпта оқыған. Офицер тәрбиеленушіге оқу үлгерімі Баланың денсаулығына зиян келмеген, ол медициналық көмекке жүгінбеген. Ата-анасының тәрбиешіге ешқандай табалабы жоқ», - деп жағдайға түсініктеме берді, облыстық білім басқармасының өкілдері.