Компания жыл сайын қандай рейстердің субсидияланатыны туралы айтты

0
367

Билеттерді ресми сайттан, сондай-ақ авиакомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады.


Компания жыл сайын қандай рейстердің субсидияланатыны туралы айтты

ERNUR.KZ. Qazaq Air авиакомпаниясы құны белгіленген негізгі бағыттарды атады, деп жазады sputnik.kz.

"Биыл Qazaq Air авиакомпаниясы бірқатар маршрутты субсидияланған бағамен жүзеге асырады. Қазақстандықтар мен ел қонақтары Қазақстан ішінде қолжетімді бағамен 5 бағыт бойынша ұша алады. Бұл бағыттарға билеттер өңірлік авиатасымалдардың қолжетімділігін арттыру үшін арнайы тарифтер бойынша сатылады",- деп түсіндірді компания.
Бұл маршруттар:
Алматы - Көкшетау - Алматы (сәрсенбі, жұма, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 30000 теңге;
Астана - Петропавл - Астана (күн сайын). Авиабилеттердің құны - 15 000 теңге;
Түркістан - Ақтөбе - Түркістан (дүйсенбі, жұма, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 27 000 теңге;
Түркістан - Қостанай - Түркістан (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 27 000 теңге;
Жезқазған - Шымкент - Жезқазған (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі). Авиабилеттердің құны-15 000 теңге.
14 жасқа дейінгі балаларға авиабилеттерге 50% жеңілдік жасалады. Сондай-ақ авиабилеттердің құнына 5 килограмға дейін қол жүгі мен 20 килограмға дейінгі багаж тасымалы кіреді.
Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару айыппұлсыз рұқсат етіледі.
Билеттерді ресми сайттан, сондай-ақ авиакомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады.