Әлеуметтік желілерде Миланда өткен Олимпиада ойындарындағы төрешілердің жұмысын сынға алды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Конькимен мәнерлеп сырғанау одағы Миландағы төрешілер дауына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады baq.kz.
Соңғы күндері Қазақстан медиасы мен әлеуметтік желілерінде Миланда өткен Олимпиада ойындарындағы төрешілердің жұмысын сынға алды.
Айта кетейік, Миланда өткен 2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық төреші Надежда Парецкая көпшіліктің талқылауының ортасында қалған болатын. Жанкүйерлер оның еркін бағдарламада ресейлік Аделия Петросянға барынша жоғары ұпай қойып, ал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың өнеріне тым сын көзбен (қатал) қарағанына назар аударған еді.
Қазақстанның Конькимен мәнерлеп сырғанау одағы осыған қатысты ресми түрде мәлімдеме жасады.
Қолданыстағы ережеге сәйкес, төрешілердің жұмысын бағалау және олардың қызметіне қатысты ресми түсініктеме беру құқығы тек Халықаралық конькишілер одағына (ISU) тиесілі. Қазақстан атынан барлық халықаралық талаптар мен критерийлерге сай келетін өкіл қатысты. Қазақстанның Конькимен мәнерлеп сырғанау одағы жанкүйерлерді жағымсыз пікірлерден аулақ болуға шақырады. Миланда өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан екі мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсеткені белгілі. Михаил Шайдоров отандық мәнерлеп сырғанау тарихында тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанды, ал Софья Самоделкина 10-орынға ие болып, өз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті, делінген ресми жауапта.
Жеңістен кейін Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ, Михаилды жеңісімен Геннадий Головкин де құттықтады. Әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік тарту етті.
Одан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше суретін жариялады.
Қазақстанда Михаил Шайдоровты Олимпиадаға дайындауға қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды.


