Конституция күні: Астанада эстрада жұлдыздары концерт береді

0
112

Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева және ALEM елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.


Конституция күні: Астанада эстрада жұлдыздары концерт береді

фото:sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Астанада Амфитеатр сахнасында "Ата заң – азат елдің арқауы" атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп жазады sputnik.kz.
Іс-шара 29 тамыз күні сағат 19:00-де өтеді. Айтулы датаға арналған концертте танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеш барысында көрерменге патриоттық рухтағы танымал туындылар мен шығармалардан тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынылады.
"Мерекелік концертте елге танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, DOS тобы, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Зарина Божакова, Нұрбол Балапанов, Тұрар Төлеутай және Мәди Сыздық өнер көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кештің хедлайнері – ALEM", - деп жазылған хабарламада.
Ел тарихындағы маңызды белестердің бірі – Конституция күніне арналған бұл концерт Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылуда. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар.