Қорғаныс министрлігі әскердегі өлімді азайту үшін «ақылды» камералар орнатпақ

0
412

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев айтты.


Қорғаныс министрлігі әскердегі өлімді азайту үшін «ақылды» камералар орнатпақ

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі камераларды «ақылды» жүйемен қамтамасыз етпек. Бұл туралы бүгін мәжіліс кулуарында қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның айтуынша, қазір әскери бөлімдердің бәрінде онсыз да камера бар. Бірақ, олардың ақпараттық жүйесі әлсіз.

«Ол видеокамераларға қатысты бірнеше мәселе бар. Біріншісі, бұл видеокамералар аналитикасыз жұмыс істеп тұр. Яғни. болып жатқан суретті экранға жібереді, одан басқа ешқандай аналитика жоқ. Біз қазір осы бейнекамераларға ақпараттық жүйе енгізу процессіндеміз. Ақылды видеокамераларға айналдырамыз. Мұндай жасанды интеллектінің элементтері бар. Әскери бөлімге кім кірді, кім шықты, қашан шықты, дәл қазір әскери бөлімде неше адам жүргенін көрсететін, бірнеше адам жинала қалса, сигнал беретін, жауапты адамдар өз орнын тастап кетсе де сигнал беретін, жалпы, дүниежүзінде қандай аналитика бар, сондай аналитика енгізу жоспарда бар», - дейді Ахмадиев.

Министрдің орынбасары әскери бөлімдер бұндай ақпараттық жүйесі бар бейнекамераларды орталықтандырылған жүйеде сатып алатынын айтты. Бірақ, бюджеттен қанша шығын керек екенін атай алмады.