"Қорқақ баланың тірлігі": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады

0
117

Ол ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басшысы, мұнай сарапшысы Олжас Байділдиновті сынға алды.


ERNUR.KZ. Әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін менсінбеушілікке қарсы ойын ашық жеткізді, деп жазады baq.kz.

Ол ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басшысы, мұнай сарапшысы Олжас Байділдиновті сынға алды.

Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет – ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзге біреудің мақұлдауын алу үшін ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады, – деп жазды әнші. Олжас, сен секілді арандатушыны жұмыстан шығарып жібереді деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай баланың тірлігін жасадың. Сен қазақша түсінбейтіндіктен, мен де мұны қазақша жазбадым, – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі сторисінде.


"Қорқақ баланың тірлігі": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады


Бұл жазба қоғамда қызу талқы туғызды. Бұған дейін Олжас Байділдинов қоғамдық көліктегі жолақы бағасын көтеру туралы пікір білдіріп, "Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы керек" деген ұсыныс айтқан еді.