Астанада балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтеруіне қатысты іс тергеліп жатыр

0
130


Астанада балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтеруіне қатысты іс тергеліп жатыр

ERNUR.KZ.Астана полициясы жекеменшік балабақша тәрбиешісіне қатысты істі тергеп жатыр, деп жазады Zakon.kz.


Әлеуметтік желілерде балабақша қызметкерінің кішкентай балаға жақындап барып, оны ұрғаны түсірілген видео тарады. Одан кейін әйел орындыққа отырып, балаларды бақылаған.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

""Нұра" аудандық полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.