Коронавирус "D" дәрумені жетіспейтіндерге жұғып жатыр

0
1 030

Мамандардың айтуынша, организмнің ковидке қарсы тұруы үшін дәл осы витаминнің пайдасы орасан зор. Дәруменінің негізгі қайнар көзі – күн сәулесі!


Коронавирус

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Әлемде короновирус індетін жұқтырғандардың көбі "Д" дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шеккен, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Короанвируспен күресте халық жаппай түрлі дәрумендерді қабылдап жатқаны белгілі. Жуырда шетелдік ғалымдар Ковид-19 жұқтырғандардың көбінде "Д" витаминінің жетіспеушілігін анықтаған.

Педиатр-дәрігер Ғалия Батыржанқызы да бұл пайыммен келіседі. Оның айтуынша, дәл осы витамин иммунитетті көтеруде үлкен рөл атқарады екен.

"Д дәрумені бұл ауызға, адамның ағзасына түскенге дейін ол дәрумен болады. Ал адамның ағзасына түскен шақтан бастап прогармон болып табылады. Прогармон бұл рецептрлардың бәрін тітіркендіріп бүкіл ағзаға қарсы тұруына да рөл атқарады. Айтып кеткендей, көптеген ауырған адамдар да Д дәрумені жетіспеушілігі өте жоғары деңгейде болған. Ал қарсы тұра білген ағзада және жеңіл өткен адамдарда Д дәрумені ағзада жеткілікті болып есептелген" - дейді педиатр-дәрігер Ғалия Батыржанқызы.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар арасында балалар да бар. Ал, мамандар түрлі ауруларға төтеп беру үшін "Д" витаминін бала күннен қабылдауды әдетке айналдыру керек дейді. Бұл кеңесті бұлжытпа йорындапр жүргендердің бірі елордалық көпбалалы ана Гүлвира Балтабаева. Ол балаларына тұрақты түрде "Д" дәруменін беретінін айтады.

"Мен негізі көктем және күз айларында беріп отырам, екі мезгіл. 3 ай курс ішкізіп отырам балаларыма . Ол жаңағы таблетка түрінде болмаса в жидком виде деп жатады сұйық, сироп сияқты міндетті түрде таңертең және кешкісін тамақ уақытысында балаларыма беруге тырысамын" - дейді қала тұрғыны Гүлвира Балтабаева.

Қысқасы, "Д" дәрумені ағзада жеткілікті болса кез келген ауруға төтеп береді.

Дәрігерлер фармкомпаниялардың ұсынып отырған препараттарынан гөрі витаминдерді азық-түліктен алған дұрыс дейді. Мәселен...

""Д" дәрумені өте көп мына балықта. Біздің қазақ сол кішкене балықты жемейміз ғой, және де оның құрамында омега да бар. "Омега 3" деп аталады, ағзамызға өте жақсы қызмет атқаратын витаминдер бар. Одан қалды жаңағы брокколи, шөпті нәрселерде өте көп, дейді педиатр-дәрігер Ғалия Батыржанқызы.

Айта кетейік, "Д" дәрумені сары май, балық, ет, сарыуыз, ірімшік, жұмыртқа, сүт, саңырауқұлақтың құрамында жеткілікті мөлшерде бар! Дегенмен дәруменінің негізгі қайнар көзі – күн сәулесі!