Өте ауыр пациенттердің арасында 80%-дан астамы 60 жастан асқан адамдар.
ERNUR.KZ. Жағдайы ауыр науқастар санының артқаны туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Ол коронавирус жұқтырған науқастардың басым бөлігі жасы үлкен адамдар екенін атап өтті. Оның ішінде созылмалы аурулары бар науқастарға коронавирусқа қарсы тұру қиын болып жатқаныны жеткізген.
"Біз ауыр науқастар санының өсуі - бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек аурулары сияқты қосымша аурулары бар науқастардың көбеюімен байланысты деген қорытындыға келдік. Сондай-ақ аурудың ауырлығы мен науқастардың жасы арасындағы байланысы анық байқалады. Жай-күйі ауыр және өте ауыр пациенттердің арасында 80%-дан астамы 60 жастан асқан адамдар (8,8%) құрайды", - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.